Еурокомиссия дағдарысқа қарсы жаңа жоспарын жария етті
Еурокомиссия дағдарысқа қарсы жаңа жоспарын жария етті. Онда табиғат апаты мен геосаяси шиеленіс секілді жағдайда тұрғындарды қорғауды көздейтін 30 бастама қарастырылған.
Сондай-ақ құжат тұрғындарды қауіпсіздік ережелеріне үйретіп, мектеп бағдарламасына төтенше жағдайда әрекет ету бойынша дайындық сабақтарын енгізуді көздейді. Жоспарға сәйкес табиғат апаты не қарулы қақтығыс болған жағдайда Еуроодақтың әр тұрғынында кемі 3 тәулікке жететін азық-түлік қоры болуы керек.