Оңтүстік Кореяда 33 мың гектар орман алқабы өртенді

Оңтүстік Кореяның шығысында орман өрті ырық берер емес, деп хабарлайды 24kz.

Өткен аптадан бері 33 мың гектар алқап тып-типыл болды. Бұл ел тарихындағы ең ірі өрт болып отыр. Табиғат апатынан адам шығыны да бар. Соңғы мәлімет бойынша 26 адам көз жұмған. Отты ауыздықтауға қолайсыз ауа райы кедергі келтіруде. Жалпы жыл басынан бері елде 250-ге жуық өрт ошағы тіркелген екен. Тұрғындар биліктің өрт сөндіру шараларына көңілі толмайтынын айтады.

«Қосымша ресурс қажет», - дейді олар. Өйткені бүгін от шарпыған аумақ екі есе ұлғайды. Бұған дейігі антирекорд 2000 жылы тіркелген еді. Ол кезде 24 мың гектар жер өртеніп кеткен.

Ли Санджин, Чонсон тұрғыны:

- Қазір біздің аймақтағы өртті сөндіруге бір не екі тікұшақ қана жұмылдырылған. Бұл жеткіліксіз. Мына түрімізбен бүгін-ертең оттың басылмасы анық.