Жапон диетасы ұзақ өмір сүруге сеп болады

Жатар алдында жеуге болмайтын 5 өнім

Ұзақ әрі сау жасау үшін ұстанатын басты ереже – дұрыс тамақтану. Әсіресе жатар алдында мына бес өнімнен бас тартқан жөн, дейді мамандар. Мысалы, бір тостаған жарма жеңіл болғанымен, құрамында қанты көп. Бұл ұйқысыздыққа әкеледі. Ірімшік те сэндвич әзірлеп жеу үшін жақсы қоспа. Бірақ ол ағзада басқа өнімге қарағанда ұзақ қорытылады. Бұл да дұрыс ұйықтауға кедергі келтіреді. Қара шоколадтың құрамында кофеин мен теобромин бар. Ол ұйқыны шайдай ашады. Жатар алдында етті тағамнан да аулақ болған жөн. Құрамы жоғары ақуызға бай болған соң, ас қорытуды қиындатып, ұйқыны бұзады. Тағы бір ескеретін жәйт, түнде газдалған сусын ішпеген абзал. Бұл ішті кептіріп, ұйқыны жәйсыз етеді. 

Жапон диетасы ұзақ жасауға сеп

Әлемдегі ең ұзақ жасаушы халық жапондар. Мұның сыры – дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстануында. Денсаулықты нығайтып, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін шетел диетологтары 4 түрлі диетаны ұсынады. Соның біреуі – дәстүрлі жапон диетасы. Соған сәйкес, ет, сүт өнімдері мен қантты мүлдем тыйып тастаған. Есесіне олардың рационынан күнделікті балық пен өсімдік, теңіз өнімдері үзілмейді. Еш қоспасыз тек көк шай ішеді. Ал жеміс-жидек пен картопты аздап жейді. Тәулігіне әр жапон азаматы тұтынатын тұз мөлшері – 9,5 гр ғана. Соның арқасында Күншығыс елінде семіздік дерті атымен жоқ. Жүрек аурулары мен обыр дертінен өлім-жітім көрсеткіші де тым төмен. Жергілікті ғалымдар 15 жыл бойы осы жапон диетасын ұстаған адамдарға зерттеу жүргізген. Нәтижеге сәйкес, батыстың диетасын ұстағандарға қарағанда жапон тағамдарын тұтынғандарда мезгілсіз өлім қаупі 15 % төмен екендігін анықтаған.

Корейлер ауырмау үшін дұрыс тамақтанады

Корейлер де дұрыс тамақтануды басты орынға қояды. Олар сапалы тағам тұтыну емдеудің қайнар көзі деп қарайды. Сондықтан болар, корейлер де жапондардан кейін ұзақ жасайтын елдердің көшін бастап тұр. Олардың рационы күріш, сорпа немесе бұқтырылған тағам, ашытылған көкөніс және теңіз өнімдерімен байытылған. Күрішті ашытылған соус, соя, ащы бұрыш пастасы сияқты дәмдеуіштермен қосып жейді. Корей асханасынан тұздалған теңіз өнімдері мен қырыққабатты кезіктірмеу мүмкін емес. Яғни, тағамды пісіріп, қуырып жеуден гөрі қайнатып, маринадтап, ашытып жегенді жақсы көреді. Сонда әр өнім құрамындағы дәруменін жоғалтпайды. Корей асханасы салмақ тастағысы келетіндер үшін тиімді диета.

Американдықтар қолдың жұмыртқасын тұтына бастады

Семіздік бойынша көш бастап тұрған америкалықтар енді қолдың жұмыртқасын тұтына бастады. Асқазан-ішек бұзылыстары байқалған адамдарға Манхэттендегі жергілікті физиотерапевт жұмыртқа жеуге кеңес беріп жүр. Бұл әсіресе сүт өнімдеріне аллергиясы бар адамдарға жақсы көмектеседі дейді. 

Михо Арисака, физиотерапевт:

- 15 жылдық тәжірибемде висцеральды жүйе арқада ауырсынудың пайда болуына ықпал ететінін байқадым. Сондықтан ішек пен биомеханикалық дисфункция арасындағы байланысты түсіне бастадым. Бұл глютен мен сүтке аллергиясы бар адамдарда байқалады. Мұндай жағдайда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. 

Ораза ұстау қатерлі ісіктің бетін қайтарады

АҚШ

Лос-Анджелестегі геронтология мектебінің ғалымдары ұзақ жасау диетасын ойлап тапты. 20 жыл бойы дұрыс тамақтануды зерттеген маман диета тізімінен табылуға тиіс тағамдармен бөлісті. Оның айтуынша, сау әрі ұзақ жасағысы келетін кез келген адам алдымен, ет жеуді азайтқаны жөн. Аптасына екі мәрте ет, 3 рет жұмыртқа тұтыну керек. Ақуызға бай балық өнімдерін де көбірек жеген жөн. Ал ірімшік пен жануарлардан алынатын тағамдардан бас тарту керек дейді. Көбіне аш жүрген адам ауырмайды. Бұл әдет ағзада қатерлі ісік туғызбайды. Яғни, обыр дертіне шалдыққан науқастарға 5 күн 12, кейде тіпті 13-14 сағаттан ораза ұстау ісіктің қайталану қаупін бірнеше есе азайтады. 

Цитата

Вальтер Лонго, геронтология және биология ғылымдарының профессоры:

14 сағат аш жүру әдісін ісіктің нақты емімен біріктіруге болмайды. Науқас айына бір рет химиотерапиядан өтетін болса, бірнеше күн бұрын диетаны тоқтату керек. Оразаны қайта бастамас бұрын емнен кейін де бірнеше күн күткені жөн.