Швейцарияда көне тиындардың ең қымбат жинағы аукционға шығарылады

Швейцариялық «Нумизматика Арс Классика» аукцион үйі көне тиындардың ең қымбат жинағын сатуға шығарады.

Оның ішінде 15 мың алтын және күміс монета бар. Бұлардың құны 100 миллион долларға бағаланып отыр. Тиындарды 1930 жылдары Еуропаның бір тұрғыны жинап бақшасына көміп тастаған екен. Бірақ қызығын өз көре алмайды. Жасырылған қазынасын кейін әйеліне айтып, аманат еткен. Ол әйел күйеуі қайтыс болғаннан кейін ондаған жылдан соң ғана алтын мен күмісті сатуға шығарған. Аукцион үйі қазынаны 4 жыл бойы асықпай сататын болады.