АҚШ әскері Йеменді соққылады

АҚШ әскері кешеден бері Йеменнің солтүстік-батысындағы Саада провинциясына 14 әуе соққысын жасады.

Салдарынан бір бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы төртеуі жараланған. Америкалықтар ел астанасы Сананы да бомбалады. Жақында йемендік көтерілісшілер палестиналықтарды қолдау мақсатында Қызыл теңіздегі шабуылдарын қайта бастады. Олар еврей елінің билігінен Газа секторына жіберіліп жақтан көмекті шектемеуді талап етіп отыр. Ол орындалмайынша, Израиль мен оның одақтасы АҚШ-қа қатысы бар барлық кемелерді атқылауын доғармайтынын ескертті. Бұған жауап ретінде американдықтар осымен екі аптадай хуситтерге қарсы ауқымды операция жүргізіп жатыр.