Израиль Рафахта жаңа құрлық операциясын бастады
Израиль Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласында жаңа құрлық операциясын бастады. Ресми Тель-Авив осылайша аймақтағы қауіпсіз аумағын кеңейтуді жоспарлап отырғанын айтады.
Операция барысында ХАМАС қозғалысының түрлі инфрақұрылым нысандары талқандалған. Сондай-ақ Израиль анклавтың басқа қалаларына әуе соққыларын жасады. «Әл-Жазираның» хабарлауынша, 1 күннің ішінде шабуылдан 24 палестиналық құрбан болған.