Мьянмада бір апта аза тұту жарияланды

Мьянмада ұлттық қаралы күн жарияланды.

 Бұл туралы осы елдің Премьер-министрі мәлімдеді. Халық 31 наурыз бен 6 сәуір аралығында 7,7 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандарды аза тұтады. Елдің өзі жойқын зілзаладан қатты зардап шекті. Кей деректер бойынша табиғат апатынан 70 млрд доллар шығын келген. АҚШ пен Еуроодақ және Канада санкциясының құрсауындағы Мьянма экономикасы үшін бұл үлкен соққы болып тиеді, - дейді халықаралық қаржыгерлер. Жойқын зілзала елдегі саяси ахуалға да әсер етті. Мьянмада екі аптаға тыныштық орнады. Жауласқан екі тарап, яғни төңкерістен кейін құрылған Ұлттық бірлік үкіметі және оппозициялық Біріккен Ва мемлекетінің армиясы қиян-кескі ұрысты уақытша тоқтатуға келісті. 2021 жылы елдегі билік әскерилердің қолына көшкен еді. Содан бері Мьянмада қарулы қақтығыс тоқтаған емес.