Жаңа премьер-министр Гренландияның АҚШ-қа қосылмайтынын ескертті
Гренландияның жаңа премьер-министрі арал АҚШ-қа қосылмайтынын ескертті. Йенс-Фредерик Нильсен бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазды.
Америка басшысы Дональд Трамптың аралға қатысты мәлімдемелеріне тоқталған саясаткер: «Гренландия ешкімнің меншігі емес. Оның болашағын жергілікті халық қана шешеді», – деп мәлімдеді. Нильсен сондай-ақ Құрама Штаттардың сесінен еш қорықпайтынын және тұрғындарды Ақ үй басшысының сөздеріне ұстамдылықпен жауап беруге шақырды.