Мьянмада зілзаладан қаза тапқандар саны 2065-ке жетті

Мьянмадағы 7,7 балдық жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 2065-ке жетті, деп хабарлайды 24kz.

Жараланғандар қатары 4 мыңға жуық.

Тағы 270 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен.

Елдегі әскери үкімет бір апта қаралы күн жариялады. Таиланд астанасындағы құрбандар саны 19. Жоғалғандар тізімінде 78 адам бар. 2 елде де іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар жер сілкінісін: «Мьянма мен Таиланд Үнді плитасының үстінде орналасқан, ал бұл плита 100 миллион жыл бойы солтүстікке қарай жылжып келеді», - деп түсіндіреді.