Газа секторында екі аптада 322 бала көз жұмды
Кейінгі екі аптада Газа секторында Израильдің әскери операциясынан 322 бала қаза тапты. Тағы 600-ден астамы жараланған. Жантүршігерлік мәліметті жария еткен ЮНИСЕФ өкілдері өңірде қарулы қақтығысты тоқтатуға шақырды.
Мамандар Газадағы өзге де балалардың жағдайына қатты алаңдап отыр. Екі апта бұрын атыс-шабыс қайта басталғаннан кейін көбі үйін тастап, шатырларды паналап жүр. Наурыздың басынан бері аймаққа гуманитарлық көмек те дұрыс жеткізілмей жатыр. Мектептердің 85 пайызы бүлініп, балалардың көбі білім ала алмай отыр.