Кореяда өрттен құрбан болғандар саны 31 адамға жетті

Оңтүстік Кореяда ормандағы өрттен құрбан болғандар саны 31 адамға жетті. Тағы 44 тұрғын жараланған. Бұл туралы «Рёнхап» агенттігі хабарлады.

От толық сөндірілген. Тілсіз жау 4 мың үй, 7 ғибадатхана мен 986 басқа ғимаратты, сондай-ақ 2 мыңға жуық ауыл және мал шаруашылығы нысанын жалмады. Алапат өрт 11 аймақты қамтып, 48 мың жасыл желекті күлге айналдырған. 3 мыңнан астам адам жылы орнын суытуға мәжбүр болды. Баспанасынан айырылғандар үшін 100-ден аса паналау орталығы ашылған.