Еуропалықтар Ұлыбританияға бару үшін электронды рұқсат алуы керек
Бүгіннен бастап еуропалықтар Ұлыбританияға бару үшін электронды рұқсат сатып алуы керек. Корольдік мұндай шараны шекара қауіпсіздігін нығайту үшін енгізген.
Элекронды рұқсат 19 еуро, яғни 10 400 теңге тұрады. Бұл талап Ирландия азаматтарына жүрмейді. Мұндай шектеу бұған дейін АҚШ, Канада, Австралия және басқа елдерге де енгізілген еді. Электронды рұқсат Британияға 2 жыл ішінде 6 айға дейін бірнеше рет баруға мүмкіндік береді. Аталған құжатты тексеріп-растауда әуе, кеме және теміржол компаниялары тікелей жауапкершілік арқалайды. Британияға 2023 жылы 22,5 миллион, ал 2019 жылы 19 миллион шетелдік келіп кеткен.