Мьянмада зілзала құрбандарының саны 2886-ға жетті
Мьянмада зілзала құрбандарының саны 2886-ға жетті, деп хабарлайды 24kz.
Тағы 4500-і жараланған. Із-түзсіз жоғалғандар тізімінде 370 тұрғын бар. Қиранды астында 100 сағаттан артық жатқан кісілер шығарылып жатыр. Іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасуда. Қытай, Үндістан, Сингапур және Ресейден құтқарушылар барған.
Естеріңізге сала кетейік, Мьянмада 28 наурызда 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Елде бір апта қаралы күн деп жарияланған. Жерасты дүмпулері көршілес Бангладеш, Үндістан, Таиланд, Лаос пен Қытайда да сезілді.