Д. Трамп бүкіл әлемге тарифтер енгізді

АҚШ президенті Дональд Трамп әлемнің бүкіл елдеріне тарифтер енгізді.

Ақ үй басшысы мұндай қатаң шаралар қабылдайтынын 2 ай бойы қайта-қайта ескертіп, ақыры тиісті жарлыққа қол қойған. Тізімде 185 ел бар. Трамп біздің елге 27, Үндістанға 26, Жапонияға 24, Еуроодаққа 20, Израиль 17 және қалған елдерге 10 пайыздан салық салды. Ең көбі Камбоджа 49, Лаосқа 48, Вьетнамға 46, Қытайға 34, Швейцарияға 31 пайызға дейін көтерген. 

Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан сияқты елдерді қамтыған 10 пайыздық жалпы тарифтер 5 сәуірде, ал жоғары тарифтер 9 сәуірде күшіне енбек. Сондай-ақ АҚШ-қа импортталатын кез келген көлік түріне 25 пайыздық тариф енгізіледі. Алайда мыс, дәрі-дәрмек, жартылай өткізгіштер, ағаш бұйымдары, энергия, энергетикалық ресурстар мен кейбір аса маңызды пайдалы қазбаға мүлде салық салынбайды. Трамп Конгресті айналып өтіп, өзіне жарлық шығару құқын беру үшін АҚШ-та төтенше жағдай жариялаған. Бұған былтыр 1 триллион 200 миллиард долларға жеткен "сауда тапшылығы" себеп. 

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

"Бүгін Азат ету күні. Бүгін Америка тарихындағы ең маңызды күндердің бірі. Бұл Американың экономикалық тәуелсіздігінің декларациясы. Біз Американы қайтадан ұлы және бай елге айналдырамыз. Біздің мемлекет 50 жылдан астам уақыт бойы тоналып келді. Енді мұндай сорақылық ешқашан болмайды".