Трамп жарлығынан кейін Азияның қор нарығы құлдырады

Дональд Трамптың тарифтер енгізу туралы жарлығынан кейін Азияның қор нарығы да күрт құлдырады.

Жапонның "Никкей 225" ((Nikkei 225)) индексі 4,6 пайызға, ал Кореяның "Коспиі" ((Kospi)) 2 пайызға құлаған.  Бұл жыл басынан бергі ең төмен көрсеткіштер. Bloomberg мәліметі бойынша, инвесторлар ғаламдық сауда соғысынан қорқып отыр. Қазір әртүрлі мемлекеттік мекемелер мен ірі экспорттаушы компаниялар шұғыл жиналыстар өткізіп, нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға барын салуда.