АҚШ 185 елге баж салығын енгізді
Америкаға Қазақстаннан экспортталатын тауарлардың елеулі бөлігіне қосымша тарифтердің әсері болмайды. Дегенмен Үкімет баждардың елімізге қатысты қолданылмауын талқылау үшін АҚШ тарапымен консультациялар жүргізуге ниетті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді.
Еске салсақ, бұған дейін Дональд Трамп АҚШ-қа баратын тауарлар үшін 180-нен астам елге жаңа кедендік баж енгізді. Бұл тізімде Қазақстан да бар. Жалпы былтыр еліміздің мұндай алпауыт мемлекетпен тауар айналымы 4,2 миллиард долларға жетті. Біздің ел кейінгі 10 жыл бойы Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болып келеді. Сәйкесінше сыртқы сауда саясатын жүзеге асыруда осы ұйымның прициптерін қатаң ұстанады. Ал халықаралық міндеттемелерге сай сауда бойынша тең және кемсітушілікке жол бермейтін жағдайларды қамтамасыз етеді.