Сирек кездесетін металдардың 70%-ы Қытайда өндіріледі
Әлемде сирек кездесетін металдарға сұраныс жоғары. 4 жыл бұрын бұл нарық 7 миллиард долларға бағаланған. Ал 2030 жылға таман көрсеткіш екі есе артады деп күтіліп отыр. Сирек металдар электроникадан бастап энергетикаға дейін озық технологияларда кеңінен қолданылады. Сұраныстың артуы да осыдан. Қазір өндіріс бойынша Қытай жетекші орында. Австралияның да әлеуеті зор.
Сирек кездесетін металдардың 70%-ы Қытайда өндіріледі
Әлемде сирек кездесетін металдардың 70%-ы Қытайда өндіріледі. Оның жылдық көлемі 270 мың тоннаға дейін жетеді. Көбі экспортқа шығарылады. Содан шығысымыздағы көршіміз былтыр шамамен жарты миллиард доллар пайда тапқан. Салаға мемлекет тарапынан жақсы көмек көрсетіледі. Инвестициялар көлемі жылына 6 миллиард долларға дейін жетеді. Бұдан бөлек, билік экологиялық жағынан қауіпсіз өндіру әдістерін дамытуға қосымша 2 миллиард доллар бөледі.
Австралия сирек кездесетін металдар өндіруден рекордтық табыс тапты
Сирек кездесетін металдар өндірісі бойынша Қытайдан кейін екінші орында Австралия тұр. 2023 жылы мемлекет оның 20 мың тоннасын өндіріп, 455 миллиард доллар тапқан. Бұл - рекордтық табыс. Кейінгі жылдары Австралия салаға көп инвестиция құйып, түрлі жобаларды іске асырып жатыр. Мысалы, биыл секторды қолдауға қосымша 125 миллион доллар бөлді. Сөйтіп инвестиция көлемі бір миллиард долардан асып кеткен. Осылайша мемлекет Қытайға тәуелділіктен арылуға ниетті.
АҚШ Қытайға тәуелділікті азайтуға ниетті
АҚШ-та сирек кездесетін металдар нарығында жетекші орынға ие. Ең ірі кен орындарының бірі Калифорния штатында орналасқан. Мұнда жылына 45 мың тонна металл өндіріледі. Сұраныстың артуына байланысты мемлекет материалды сырттан сатып алады. Негізгі импорттаушылар – Азия елдері. Бұл Қытай, Жапония мен Оңтүстік Корея. Беңжіңге тәуелділікті азайту үшін қазір Дональд Трамп әкімшілігі Украинамен сирек кездесетін металдар бойынша келісім жасауға әрекеттеніп жатыр.
Авторлары: Асель Абдыкалыкова, Жұлдыз Атагельдиева