БҰҰ Мьянмаға гуманитарлық көмек жіберді

Біріккен ұлттар ұйымы Мьянманың Янгон ірі қаласына 80 тонна гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды 24kz.

Жүк Дания жақтан арнайы бортпен жеткізілген. Онда азық-түлік, шұғыл медициналық жәрдем, тазалық және балаларға қажетті заттар, шатырлар, дәрі-дәрмек бар.

Сондай-ақ халықаралық қауымдастық жұқпалы аурулардың таралудың алдын алу үшін ауыз су да әкелді. Бұл көмек бірінші кезекте зілзаладан аса қатты зардап шеккен аймақ тұрғындарына таратылады. Естеріңізге сала кетейік, 7,7 балдық жойқын зілзала Мьянмада 28 наурызда болып, 3 мыңнан астам адам опат болды.