АҚШ тарифтері Үндістандағы гауһар тас өңдеу өнеркәсібіне кесірін тигізуі мүмкін

АҚШ-тың тарифтерінен Үндістанда гауһар тас өңдеу өнеркәсібімен айналысатын компаниялар шығынға батуы мүмкін. Өйткені асыл тастар негізінен АҚШ-қа экспортталады.

Былтыр үндістандық компаниялар 32 миллиард доллардан аса пайда тапқан. Бірақ Дональд Трамп осы мемлекеттен келетін тауарларға 26%-тік баж салығын енгізді. Енді соның кесірінен елдің гауһар тас өңдеу өнеркәсібінің шығындары артып, мыңдаған адам жұмыссыз қалайын деп тұр. Үндістан гауһар тас өңдеу көлемі бойынша әлемде бірінші орында тұр.