Қытай TikTok желісін АҚШ-қа сатпайтын болды
«Тиктокты» АҚШ-қа сатуға қатысты келісім жасалған жоқ.
Бұған президент Дональд Трамптың жаңа тариф саясаты себеп. Ақ үй басшысы Қытайға 34 пайыз баж салығын енгізді. Осыдан кейін шығыстағы көршіміз келісімнен бас тартқан. Бірақ қытайлық "Байт-денс" компаниясына тиесілі әлеуметтік желі 2 жарым ай бұғатталмайды. Себебі Трамп қосымшаға тыйым салуды тағы 75 күнге шегерді. Осы аралықта компания активтерін АҚШ-қа сатуы тиіс. Сол кезде әлеуметтік желі Құрама Штаттар аумағында жұмыс істейтін болады. Айта кетейік, АҚШ-та Тиктокты 170 млн адам пайдаланады. Ал Америка билігі платформа ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді деп санайды.