Кореяда экс-президент Юн Сок Ёльдің жақтастары шеру өткізді

Сеулде Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің жақтастары шеру өткізді.

Бірер күн бұрын елдің конституциялық соты оған импичмент жариялаған еді. Күн райының қолайсыздығына қарамастан Кванх-вамун алаңына 15 мың адам жиналды. Көшеге шыққандар сот шешімінің күшін жоюды талап етті. Сондай-ақ президенттікке үміткер билеуші партиядан сайлану керек, деп отыр. Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты «экс-президент әскери жағдай енгізудің заңды талаптарын орындаған жоқ» деп, импичмент жариялады. Енді заң бойынша кезектен тыс президенттік сайлау 60 күннің ішінде өтуі тиіс. Оған дейін елді премьер-министр Хан Дек Су басқарады.