АҚШ-та тасқыннан 16 адам көз жұмды
АҚШ-тың орталық бөлігінде алапат тасқыннан 16 адам ажал құшты. Бұл туралы төтенше жағдай қызмет өкілдеріне сілтеме жасаған CNN телеарнасы хабарлады.
Арканзас, Миссури, Теннесси және Миссисипи штаттарында қауіп-қатердің ең жоғары деңгейі жарияланды. Бұл аймақтарда жаңбыр 3 күннен бері толассыз жауып жатыр. Жергілікті өзендердің деңгейі 1,5 метрге дейін жеткен. Жүздеген үй жарықсыз қалды. 6 мыңнан астам әуе рейсі кейінге шегерілген. Билік тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр.
Айта кетейік, табиғи апат аймақтарында 40 миллионнан астам адам тұрады.