Германияның Бонн қаласында сакура гүлдей бастады
Германияда сакура гүлдей бастады, деп хабарлайды 24kz.
Шие ағашының бүршік жару мерзімі 2 аптаға созылады. Бонн қаласының тұрғындары мен туристер ерекше көріністі бейнеге түсіріп мәз.
Сакура шаһардың 2 көшесіне егілген. Әдетте осы мезгілде ондаған мың адам бұл көріністі тамашалауға арнайы келеді.