Парижде Марин Ле Пенді қолдау акциясы өтті
Оған 7 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды 24kz.
Өткен аптада «Ұлттық бірлестік» партиясының басшысы Еуропарламенттен бөлінген ақшаны ысырап етті деген айыппен 4 жылға сотталған еді.
Ол алғашқы екі жылын үй қамақта өткізеді де қалған мерзімін шартты түрде өтейді. Сондай-ақ 5 жыл мемлекеттік билік органдарында қызмет ету құқығынан айырылды. Демек 2027 жылы өтетін Президент сайлауына қатыса алмайды. Шерушілер соттың осы шешімімен келіспей отыр. Наразылық акциясына Марин Ле Пеннің өзі де қатысты. Ол жұрттың ортасына шығып, тағылған айыппен келіспейтінін айтты.