Биткоин бағасы арзандады

АҚШ-тың сыртқы сауда саясаты әлемдік криптовалюта нарығына да әсер етті.

Көп сұранысқа ие биткоин бағасы арзандады. Оның 1 данасы 74 мың долларға дейін төмендеді. Мұндай құлдырау былтыр қараша айынан бері болған емес. Цифрлық валюталарды айырбастау қызметі «Байнанстың» мәліметінше, биткоинның 10 пайызға арзандауынан трейдерлер 1 млрд доллар жоғалтқан.  Айта кетейік, осыған дейін виртуалды ақша құны шарықтаған еді. Әсіресе Дональд Трампты ұлықтау рәсімі кезінде, яғни 20 қаңтарда бір биткоин 109 мың долларға саудаланды.