Мьянма: зілзала құрбандарының саны 3600 адамға жетті

Мьянмада зілзала құрбандарының саны 3 мың 600 адамға жетті. Жараланғандар қатары – 5017 тұрғын. Ізім-ғайым жоғалып кеткен 160 тұрғын әлі табылмады.

Елдің Метеорология және гидрология департаментінің мәліметі бойынша осы сәтке дейін 89 афтершок тіркелген. Олардың қуаты 2,8 балдан басталып, 7 жарым балға дейін жеткен. Қиранды астында қалғандарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Табиғи апат болған аймақта жаңбыр жауып, түрлі жұқпалы аурулардың таралу қаупін арттырды. Мьянмада 7,7 балдық жер сілкінісі 28-наурызда болған еді.