Азия қор нарығындағы акциялар құны сәл өсті
Алдында қатты құлдырыған Азия қор нарығы сәл көтерілді. АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайға 50%-тік баж салығын саламын деп доқ көрсетуі оң әсер еткен.
Кеше 8%-ке құлаған Жапонияның Nikkei индексі 8%-ке өсті. Оңтүстік Кореяның «Коспиі» 5%-ке өрлеген. Осының алдында Азия қор нарығы 2008 жылғы ғаламдық қаржылай дағдарыстан кейінгі ең ірі құлдырауды бастап кешірді. Трамп Жапон тауарларына 24%, Оңтүстік Кореяға 25%, Қытайға 34% баж салығын салып, бұл инвесторларды үлкен уайымға батырған.