Ғалымдар жойылып кеткен қасқырдың тұқымын қалпына келтірді

АҚШ ғалымдары 12 жыл бұрын жойылып кеткен бөрінің тұқымын қалпына келтірді. Далластағы биоинженерлік зертханада текті өңдеу және клондау арқылы 3 бөлтірік дүниеге келген. Сүйінші жаңалықты «Рейтер» бөлісті.

Дала тағысын қайта тірілту үшін сұр қасқырдың түрленген жасушалары пайдаланылды. Жаңа тұқым ірі дене бітімімен ерекшеленеді. Тұрқы 180 сантиметрге, салмағы 80 келіге жетеді. Азуы да үлкендеу.

Айта кетейік, бұл қасқырлар атақты «Тақтар ойыны» сериалында көрсетіліп, әлемге танылған еді.