Индонезияның қор нарығы 9% құлдырады
АҚШ президентінің тарифтік саясатынан Индонезияның қор нарығы 9%-ке құлдырады, деп хабарлайды 24kz.
Нарықтағы дүрбелеңнен сауда-саттық жарты сағатқа тоқтаған. Сондай-ақ елдің төл валютасы да құнсызданды.
«Мұндай жағдай ел тарихында бұрың-соңды болған емес», - дейді сарапшылар. АҚШ Индонезияға 32% баж салығын енгізді. Бірақ ресми Куала-Лумпур Америкаға қарсы қарымта шаралар қолдануға ниетті емес. Мәселені ушықтырмай, келіссөзбен реттеуге бекініп отыр.