Дональд Трамп Израильге салық тарифін төмендетпейді
Ақ үйде АҚШ Президенті мен Израиль премьер-министрінің кездесуі кезінде саясаткер осылай деді.
Тараптар екіжақты сауда-саттық мәселесін талқылады. Өйткені еврей елі – америкалықтардан ең көп көмек алатын мемлекеттің бірі. Трамптың айтуынша, бұл мақсатқа жыл сайын 4 миллиард доллар бағытталады. Бұдан бөлек, Газа секторындағы шиеленіс пен Иран төңірегіндегі ахуал да сөз болды. Басқосу қорытындысы бойынша Трамп Тегеранмен оның ядролық бағдарламасы бойынша тікелей келіссөздер жүргізетінін жария етті. Ақ үй басшысы: «Текетірестен гөрі келісімге келгеніміз дұрыс», - дейді. Бұған дейін Иран келіссөзден бас тартқан еді. Бірақ бірер күн бұрын ресми Тегеран бітімгер елдер арқылы кездесуге дайын екенін жеткізді. Басқосуда Израиль мен ХАМАС арасында жаңа бітім құру мүмкіндігі де қаралды.