Жасанды интеллект орман өртін анықтауға көмектеседі
Орманда өрт шықса, жасанды интеллект хабар береді. 24 сағат демалмайтын технологияны Еуропа ғалымдары ойлап тапқан. Жасанды интеллект оттың шыққан жерін тап басып көрсетеді әрі ол аумақтағы желдің екпінін, ылғалдылығын, жауын-шашаын мөлшерін тіпті шөптің қалыңдығын да көрсетеді.
Ғалымдар инновацияны биыл қаңтар айында АҚШ-та Лос-Анджелестегі алапат орман өрті кезінде сынақтан өткізген. Тәжірибе барысында жасанды зерде оттың нақты қай жерде тұтанғанын дәл анықтаған.
Доктор Джо Макнортон, Еуропа климаттық зерттеу институтының өкілі:
- Бұрын өртті болжау үшін біз өрттің ауа райы индексін қолданатынбыз. Бұл қарапайым физикалық негізде жасалған әдіс, ауа райының 4 факторын ескереді. Соның негізінде өрт пайда болған жағдайда оның қаншалықты күшті болатынын болжайтынбыз. Бірақ оның кемшін тұстары да бар. Ол көктің шығуын, өрт ошағы сияқты нәрселерді есепке алмайды. Жаңа әдісте машиналық оқыту жүйесіне көп дерек енгізуге болады.