Әлемде мұнай бағасы тағы арзандады

Әлемдік мұнай нарығы тағы құлдырады, деп хабарлайды 24kz.

Бұл жолы АҚШ пен Қытай арасындағы саудаға қатысты текетірес себеп. Соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша, Brent маркалы «қара алтын» 6%-ке арзандап, бір баррель үшін 58 доллар 94 центке дейін түскен. Мұндай құлдырау соңғы рет 2021 жылы ақпанда болған. Америка Қытайға салықты үсті-үстіне салып, көлемін 104%-ке дейін жеткізді. Ал, шығыстағы көршіміз 84% қарымта тариф енгізді. Осы ретте инвесторлар бұл сауда соғысын өршітіп, жанармайға деген сұранысты төмендетеді деп болжайды. Бұл экономикалық өсімді баяулатады.