Иран АҚШ-пен Оман арқылы келіссөз жүргізуге дайын

Иран ядролық бағдарламасы бойынша АҚШ-пен жанама келіссөз бастауға дайын, деп хабарлайды 24kz.

Мұны Ислам Республикасының президенті Масұд Пезешкианның өзі мәлімдеді. Келіссөз Оманда 12 сәуірде өтуге тиіс. Осыған дейін Дональд Трамп: «Ресми Тегеран келіссөз жүргізуге келіспесе, Ислам республикасын бомбалауымыз мүмкін», - деп сес көрсетті. АҚШ шабуылынан қауіптенген Иран қарулы күштерін жоғары әскери дайындық жағдайына көшірген еді.