Доминиканда түнгі клубтағы апат құрбандарының саны 184 адамға жетті
Доминикандағы түнгі клубтағы апаттан құрбан болғандар саны 184 адамға жетті, деп хабарлайды 24kz.
Жараланғандар қатары жүзден асады. Бұл – Reuters агенттігінің мәліметтері. Қайғылы оқиға ел астанасы Санто-Домингода 8 сәуірде жергілікті танымал әншінің кешінде болды.
Сол кезде ғимаратта 300-ге жуық, оның ішінде саясаткерлер, спортшылар мен басқа да атақты адамдар болыпты. Төтенше жағдай қызмет өкілдері әлі қирандыларды аршып, іздеу-құтқару жұмысын жүргізіп жатыр. Елде 3 күн қаралы деп жарияланған. Қаланың бірнеше жерінде қан жинау орталықтары ашылды. Әзірге апат себебі белгісіз. Тергеу басталды.