Қытай АҚШ-пен сауда қатынасы бойынша келіссөз жүргізуге дайын
Қытай АҚШ-пен сауда қатынасы бойынша келіссөз жүргізгісі келеді, деп хабарлайды 24kz.
Бұл шешім Дональд Трамп қытай тауарларына баж салығын 125%-ке арттырғаннан кейін қабылданды. Қытай сауда министрінің мәлімдеуінше, Дональд Трамптың жаңа тариф саясаты жаһандық сауда жүйесі мен әлемдік экономикалық тұрақтылыққа кері әсер етеді. Былтыр әлемнің екі ірі экономикасы арасындағы сауда айналымының көлемі 580 млрд доллордан асты. Қытайдан АҚШ-қа 3 есе көп тауар импортталған. Ал Қытайға АҚШ-тан көбіне дәрі-дәрмек пен мұнай өнімдері тасымалданған. Сондай-ақ электроника мен электромобиль өндірісіне қажетті жабдықтардың саудасы қыза түскен.