АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздің екінші кезеңі өтіп жатыр
Ыстамбұлда АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздің екінші кезеңі өтіп жатыр.
Ресейлік ақпарат көздерінің мәліметінше, басқосу 4-5 сағатқа созылуы мүмкін. Кездесу жабық есік жағдайында өтуде. Белгілісі, екі жақты дипломатиялық байланысты қалпына келтіру мәселесі талқыланады. Осыған дейін Ақ үй әкімшілігі Украинадағы қарулы қақтығыс тақырыбы қозғалмайды деп мәлімдеді. Тараптар Ресейдің Ыстамбұлдағы бас консулдығының ғимаратында бас қосты. Ресей делегациясын Вашингтондағы елшісі Александр Дарчиев, АҚШ тарапын Еуропа мен Еуразия мәселелері жөніндегі Мемлекеттік департамент көмекшісінің орынбасары Соната Коултер бастап барды. Келіссөздің бірінші раунды биыл ақпанның соңында өтті. Ол кезде Ресей АҚШ-қа тікелей әуе рейстерін қалпына келтіруді ұсынған еді.