Қытайда алтын бағасы шарықтап кетті

Қытайда алтынның бағасы шарықтап кетті.

Құнды металл бір күнде 5 мыңнан астам теңгеге қымбаттаған. Қазір Бейжіңде бір грамм 71 мың теңге сатылып жатыр. Сарапшылар алтын бағасына Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы әсер еткен деп отыр. Сондай-ақ кейінгі күндері доллар әлсіреп, акциялардың құлдырауы да түрткі болған.  Айта кету керек, көрші елде 2024 жылы алтынның бағасы  27 пайызға өскен. Ал биыл жыл басынан бері 23 пайызға көтерілді.