БҰҰ гуманитарлық қызметкерлерін қысқартады
Біріккен Ұлттар Ұйымы 500-ден астам қызметкерін жұмыстан шығармақ. Бұл гуманитарлық қызметкерлерге қатысты қысқарту. Ұйымның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының басшысы Том Флетчер осылай деп мәлімдеді.
Басты себеп – қаржы тапшылығы. Осыған байланысты агенттік Камерун, Колумбия, Эритрея, Ирак, Ливия, Нигерия, Пәкістан, Түркия және Зимбабведегі қызметін тоқтатпақ. А
йта кетейік, қазір ұйымның әлемнің 60-тан астам елінде гуманитарлық бағытта 2600 қызметкері бар.