Аргентинаға халықаралық деңгейде қаржылай көмек беріледі

Ресми ақпар бойынша алдағы 4 жылда 20 миллиард доллар қаражат бөлінбек, деп хабарлайды 24kz.

Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк және басқа да ұйымдар 32 миллиард долларға дейін көмек көрсетуге бейіл екенін мәлімдеді. Сондай-ақ Америкалық даму банкі Аргентинаға келесі үш жыл ішінде 10 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отыр. Қазір Аргентинаның экономикасы дағдарысқа ұшырап отыр. Соның салдарынан елде жұмыссыздық белең алып, кедейлік көрсеткіші күрт өскен.

Айта кетейік, бұл – Аргентинаның 1956 жылы Халықаралық валюта қорына мүше болғаннан бергі 23-рет көмек алуы. Қазір елдің ұйым алдындағы қарызы 44 миллиард долларға жеткен.