Нигерияда лаңкестік жарылыстан сегіз адам қаза тапты

Нигерияның солтүстік-шығысында жолаушылар автобусы жарылып, 8 адам қаза тапты.

Тағы 21-і жараланды. Алдын ала ақпарат бойынша жол бойына жасырылған мина жарылған. Билік шабуылды «Боко Харам» лаңкестік тобы жасады деп мәлімдеді. Олар кейінгі 15 жылда 20 мыңнан астам адамның ажалына себеп болған.