Д. Трамп жылына миллион мигрантты елден қумақ

Дональд Трамп мигрантты елден қумақ, оны да кесіп-пішіп қойды. АҚШ президентінің жоспары – жылына миллион босқынды еліне қайтару. Бұл туралы The Washington Post басылымы хабарлады.

Американың бұрынғы басшысы Барак Обамының кезінде жылына 400 мың мигрант депортацияланған еді. Ал Трамптың бұл жолғы әрекеті тарихи шешім болуы мүмкін. Бірақ сарапшылар миллион мигрантты еліне қайтару жоспары ақылға сыйымсыз деп топшылайды. Өйткені бұған ақша мен кадр тапшы. Оның үстіне мигранттар соттасуы мүмкін. Ал сот ісі бірнеше жылға созылады.