Францияда ауқатты азаматтарға салық сақталмақ
Франция билігі ауқатты азаматтарды салықтан босатпайды. Осыған дейін бұл шара уақытша енгізілген еді. Мұны елдің қаржы министрі Эрик Ломбар мәлімдеді. Қазір Францияда байларға 20% салық салынады.
Тізімге жылдық табысы 250 мың еуродан асатын азаматтар енген. «Ле Монд» газетінің мәліметінше, Францияның мемлекеттік қарызы 3 трлн 300 млрд еуроға тең. Соңғы жылдары билік шығынды 40 млрд еуроға қысқарта алған. Енді бизнес өкілдері мен ауқатты азаматтарға салынатын салықтан қазынаға қосымша 20 млрд еуро көлемінде кіріс әкелуді көздеп отыр.