Тәжікстанда тағы жер сілкініп, 3 жасар бала көз жұмды
Тәжікстанда зілзаладан 3 жасар бүлдіршін көз жұмды, деп хабарлайды 24kz.
100-ге жуық үй қирап, тұруға жарамсыз боп қалған. Тағы жүзден аса ғимаратқа нұқсан келді. Арасында үйлерден бөлек ауруханалар мен мектептер бар.
Естеріңізде болса, кеше мұнда бірнеше рет жер сілкінген еді. Ең алғашқысының магнитудасы 5,8-ге жеткен. Бүгін елде тағы жерасты дүмпуі тіркелген. Оның магнитудасы 4,5 болды. Табиғат апатына байланысты республикалық комиссия құрылған. Оған премьер-министрдің орынбасары басшылық етеді. Комиссия зілзала салдарын жою жұмыстарын үйрестіріп, келтірілген шығын көлемін есептеумен айналысып жатыр.