Азия қор нарығы өсті
Бұған АҚШ-тың көліктер мен автобөлшектер импортына тариф енгізу саясатын жұмсартуы себеп.
Оңтүстік кореялық KOSPI жапондық NIKKEI 225 1 пайызға көтерілді. Гонконгтың Hang Seng индексі әуелде осындай мөлшерде артып, кейін қайта төмендеген. Естеріңізге сала кетейік, осының алдында АҚШ президенті Дональд Трамп көліктер мен автобөлшектерге тарифтерді алып тастауы мүмкін екенін мәлімдеген еді.