Жапония мен АҚШ баж салығына қатысты келіссөздер бастайды

Жапония мен АҚШ арасында тарифтерге қатысты келіссөз 17 сәуірде басталады.

Күншығыс елінің экономика министрі бастаған делегация екінші тараппен Вашингтонда кездеседі. Жақында Дональд Трамп Жапониядан келетін көлік, болат пен алюминийге 25 пайыздық баж салығын салғаны белгілі. Осы арада екі жақ өзара мәселелерін ақылдасады. Әйтпесе бұл ел экономикасына ауыр соққы. Өйткені Токио тауардың көбін АҚШ-қа экспорттайды.