Британияда өрт сирек кездесетін жабайы табиғатты жойып жатыр
Ұлыбритания ғалымдары дабыл қақты.
Өрт Корольдіктегі сирек кездесетін жабайы табиғат пен жан-жануарға ауыз салған. Осының кесірінен тұқымы онсызда азайған құладын құсы мен су тышқандары жылдам жойылып жатыр. Сондай-ақ Пауис графтігіндегі алапат өрт алтынжон татрең құсының соңғы тіршілік ету ортасын күлге айналдырды. Жыл басынан бері Британияда 284 шаршы шақырым жасыл желек отқа оранған. Жергілікті мамандар «бұл елдегі екінші ірі қала – Бирмингем жерінен үлкен аумақ», - дейді. Бұдан бөлек, бір ғана Уэльс аймағында 1400 өрт ошағы тіркелді. Өрттің тұтануына жауын-шашынның ұзақ болмауы, құрғақшылық және адамдардың табиғат аясында отты ұқыпсыз пайдалануы себеп.