ХАМАС Израильдің оқ атуды уақытша тоқтату ұсынысын қабылдаған жоқ
ХАМАС Израильдің Газа секторында оқ атуды уақытша тоқтату туралы ұсынысын қабылдаған жоқ. Палестиналық қозғалыс «бұл келісім қарулы қақтығысты біржола тоқтата алмайды», - деп мәлімдеді.
Израиль Анклавтағы ұрыс қимылдарын 45 күнге тоқтатып, 10 еврей тұтқынын босатуды, гуманитарлық көмек жеткізу мақсатында тексеріп-өткізу бекетін ашуды және арнайы операция кезінде кірген Израиль сарбаздарын сектор аумағынан шығаруды ұсынған болатын.