OpenАI өз әлеуметтік желісін жасап жатыр

Америкалық OpenAI компаниясы өз әлеуметтік желісін жасап жатыр.

«Форбс» журналы «Ол X әлеуметтік медиасына бәсеке болуы мүмкін», - дейді. Бұл OpenAI бас директоры мен X-тің қожайыны Илон Маск арасында текетірес тудырады деген қауіп бар. Осының алдында ғана Маск OpenAI-ды сатып алуға ниет білдірген болатын. Бірақ миллиардердің бұл ұсынысына компания өкілдері «Жоқ» деп жауап берді.