Трамптың салық саясатынан АҚШ порттары зардап шеге бастады

Президент Дональд Трамптың тарифтік саясатынан АҚШ-тың порттары да зардап шеге бастады, деп хабарлайды 24kz.

Елдегі ең ірі теңіз айлағының бірі – Калифорниядағы Лонг-Бичтің табысы азайды. Жаңа заң күшіне енген соң портқа 17 кеме кіре алмаған. Экономистер: «Бұлай жалғаса берсе, аймақтың экономикасына кері әсері зор болады», - дейді. Дерекке жүгінсек, Калифорния штатындағы порт бұған дейін аптасына 100-ге жуық кемені қабылдап келген.

Марио Кордеро, Лонг-Бич портының басшысы:

- Егер тарифтер осы күйінде қалса, 2025 жылдың екінші жартысында портқа келетін кемелер саны 20%-ке азаяды. Демек, жұмысшылар қысқартылып, өңір экономикасы зардап шегеді.