БҰҰ: Израиль Газа секторының 70%-ын бақылауында ұстап отыр
Израиль Газа секторы аумағының 70 пайызын басып алған.
Бұл мәліметті БҰҰ жария етті. Халықаралық ұйым өңірдегі гуманитарлық жағдайға қатты алаңдайды. Өйткені еврей елінің әскері өткен айдан бері бақылау-өткізу бекеттерін жауып тастап, аймаққа гуманитарлық көмекті жібермей отыр. Салдарынан су, азық-түлік, дәрі-дәрмек пен отын тапшы. Бұған дейін Израиль ХАМАС-қа тұтқындарды босату туралы келісім ұсынған. Бірақ палестиналық топ одан бастартты. Енді еврей елі Газадағы әскери операцияның ауқымын одан әрі кеңейтеміз деп сес көрсетті. Сарапшылар бұл ХАМАС-қа қысым көрсету үшін жасалып отырған шара екенін айтады.